-6.5 C
Нарынкол
spot_img
ДомойСпортСОЛДАТ САЙДАҒЫ ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ

СОЛДАТ САЙДАҒЫ ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ

Сарыжаз ауылындағы «Солдат сайында» табиғат аясында аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы «Қамқор-2» филиалының ұйымдастыруымен білім мекемелерінің қызметкерлері арасында «Қысқы денсаулық фестивалі-2025»  атты шаңғымен жүгіру жарысы өтті. Аталған шараның салатанатты ашылуында білім қызметкерлері кәсіподағы «Қамқор-2» филиалының төрағасы Ұлықпан Әбек, аудандық білім бөлімінің басшысы Саят Ерсайынұлы құттықтау сөз сөйлеп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың басты мақсаты — білім қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен денсаулығын нығайту, таза ауада көңілді демалуына жағдай жасау. Аталған жарысқа аудандағы жалпы білім беретін мектептер мен мектептен тыс, мектепке дейінгі білім және тәрбие беру мекемелерінің педогог қызметкерлері қатысты. Тамаша табиғат аясында өткен шаңғы жарысына ауданның білім қызметкерлері белсене қатысты. Жарыс жолына шыққан педогогтар сайыстың көркін қыздырды.

Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаздар да анықталды. Нәтижесінде 35 жасқа дейінгі ерлер арасында 1-орын Көмірші орта мектебінен Совет Мақсат, 2-орын А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп Абай Мағжан, 3-орын Т. Мсақұлов атындағы орта мектеп Сібебай Жасұлан. 35-45 жас аралығындағы ерлер жарысында 1-орын Маратов Ерлік А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп, 2-орын Молдағали Арсен С. Сауранбаев атындағы орта мектеп, 3-орын Асанбеков Нұрсұлтан Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі. 45 тен жоғары ерлер арасында 1-орын Сұлтанғазиев Жанболат Сарыжаз кәсіптік техникалық колледжі, 2-орын Әбу Мұрат А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп, 3-орын Үшқұлақов Қайрат Шәлкөде орта мектебі. 35 жасқа дейінгі әйелдер арасында 1-орын Сейдалимова Жұлдыз А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп, 2-орын Қалибас Назерке К. Байшығанұлы атындағы орта мектеп, 3-орын Манкеева Динара А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп. 35-45 жас әйелдер арасында 1-орын Жұманәлі Нурила Сарыжаз кәсіптік техникалық колледжі, 2-орын Бекмуханбетова Аяужан А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп, 3-орын Тұрсынбаева Эльмира М. Мақатаев атындағы орта мектеп. 45 жастан жоғары әйелдер арасында 1-орын Қырықбаева Баян А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп, 2-орын Байкүшікова Света Шәлкөде орта мектебі, 3-орын Бөлекбаева Самал. Шанамен жарыста 1-орын Иманбаев Айдос А. Сәрсенбайұлы атындағы орта мектебі Мукажанова Бота «Күншуақ» балабақшасы. 2-орын Нұрғожаев Жанат Қ.Шорманов атындағы орта мектеп Тұрсынбаева Эльмира М. Мақатаев атындағы орта мектебі. 3-орын Кулмуханбетов Мақсат Шәлкөде орта мектебі, Әлімақын Дидар «Айгөлек» балабақшасы.  

Жарыс жолында сынға түсіп жеңімпаз атанған спортшыларға білім қызметкерлерінің кәсіподағы «Қамқор-2» филиалының мадақтама қағазы мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Жүніс Балауса Қайратқызы,

Қостанай Өңірлік Университетінің 4 курс студенті

Жаңалықтар