1.5 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратТегістік ауылында «Ауыл аманаты» жобасы аясында құс фермасы салынып жатыр

Тегістік ауылында «Ауыл аманаты» жобасы аясында құс фермасы салынып жатыр

Тегістік ауылында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жаңа кәсіпкерлік жоба жүзеге асырылуда. Жергілікті тұрғын Мәлібек Мұхтар Әшірақынұлы мемлекеттік қолдау арқылы қаржылай көмек алып, өз кәсібін – «Eco-Chicken» құс фермасын салуды бастады.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Наурыз айының соңында құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Ферма толыққанды іске қосылған соң, мұнда құстар өсіріліп, аудан тұрғындарына табиғи әрі сапалы өнім ұсынылады. Жоба қуаттылығы 6000 басты құрайды және әрбір цикл 45 күнде толық өндірістік кезеңнен өтеді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл кәсіпкерлеріне үлкен қолдау көрсетіп, жаңа бизнестердің ашылуына жол ашуда.

Кәсіпкердің ісіне сәттілік тілейміз!

Жаңалықтар