XVII–XVIII ғасырлардағы буржуазиялық революциялар мен Джон Локк сияқты ойшылдардың еңбектерінен кейін жеке меншік құқығы адамның өмір сүру және бостандық құқықтарымен тең дәрежедегі қасиетті әрі мызғымас құқық ретінде танылды. Бүгінде Қазақстан Республикасының Конституциясында да меншіктің барлық түріне (мемлекеттік және жеке меншікке) тең кепілдік беріліп, заңмен қорғалады.

