«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонында қазақстандықтар өте жоғары белсенділік танытуда: жобаға еліміздің барлық 20 өңірінен 1,47 миллионға жуық адам тіркеліп, алғашқы екі айдың өзінде 1,1 миллионнан астам кітап оқылды. Бұл көрсеткіш кітап оқудың бүгінде елімізде кең ауқымды қоғамдық қозғалысқа айналғанын дәлелдейді.
2026 жылдың қыркүйегінде басталған ұлттық марафон аясында Reading-nation.kz платформасында күн сайын орта есеппен 18 мыңнан астам кітап оқылып, оқырмандар тарапынан пікірлер жазылуда.
«Кітап оқитын ұлт» жобасындағы қазақстандықтардың белсенділігі

