Әлемде қоғамдық қауіпсіздік пен бейбітшілік деңгейі ең жоғары мемлекеттер қатарында Исландия, Жаңа Зеландия, Швейцария, Словения, Ирландия және Сингапур көш бастап тұр. Халықаралық Institute for Economics & Peace зерттеу орталығының 2026 жылғы «Жаһандық бейбітшілік индексі» (Global Peace Index) рейтингіне сәйкес, 163 елдің ішінде дәл осы мемлекеттер қылмыс деңгейінің төмендігі мен ішкі тұрақтылығы бойынша үздік атанды.
Қоғамдық қауіпсіздік — азаматтардың көшеде, қоғамдық орындарда және өз үйінде қылмыс пен зорлық-зомбылықтан толық қорғалуы. Бұл көрсеткіш тек полицияның күшімен ғана емес, халықтың әл-ауқатымен, заң үстемдігімен және қоғамдағы өзара сеніммен өлшенеді
Қоғамдық қауіпсіздік берік сақталатын қай елдер?

