Мемлекет басшысы Жолдауда отандық кәсіпкерлікті қорғау мақсатында 2027 жылдан бастап бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жариялап, ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Бұл шешімдер азаматтардың әл-ауқатын жақсартып, шағын және орта бизнестің еркін дамуына тың серпін беруге бағытталған.
Президент атап өткендей, еліміздің ішкі жалпы өнімі 400 миллиард долларға жуықтады. Ендігі басты міндет — макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімін әрбір азаматтың күнделікті тұрмысында сезінуін қамтамасыз ету және инфляцияны тежеу
Бизнеске қолдау және халық табысын арттыру — экономикалық өсімнің жаңа кезеңі

