«Заң мен тәртіп» қағидаты — Қазақстандағы әділетті әрі қауіпсіз қоғам құрудың іргетасы, сондай-ақ 2026 жылы қабылданған жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясының преамбуласында бекітілген негізгі құндылық. Бұл қағидат мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың күнделікті өмірде заң талаптарын мүлтіксіз сақтауын және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауын білдіреді.
Бүгінде бұл ұғым жай ғана ұран емес, нақты мемлекеттік саясатқа айналды. Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік институттар құқық бұзушылықтың салдарымен күресуден гөрі, оның алдын алуға және халықтың құқықтық мәдениетін көтеруге басымдық беріп отыр
Заң мен тәртіп қағидаты

