Қазақстанда заңгер дипломы бар мамандар саны жеткілікті, тіпті нарық сұранысынан артық, алайда салалық білікті заңгерлерге деген тапшылық әлі де сезіледі. Соңғы алты жылда еліміздің жоғары оқу орындары 106 мыңнан астам заңгер дайындап шығарғанымен, түлектердің шамамен 57 пайызы ғана өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алған.
Бүгінде еңбек нарығында екі түрлі қарама-қайшы көрініс қалыптасқан: бір жағынан, заңгерлік диплом иелері көп болса, екінші жағынан, күрделі құқықтық дауларды шеше алатын кәсіби мамандар жетіспейді.
Заңгер мамандар жеткілікті ме?

