Қазіргі таңда кітап оқу – білімді болудың, ой-өрісті кеңейтудің және рухани дамудың маңызды жолы. Кітап оқыған адамныңдүниетанымы кеңейіп, сөздік қоры молаяды. Сондықтан өскелең ұрпақтың кітапқа дегенқызығушылығын арттырудың маңызы зор.Осымақсатта елімізде жүзеге асырылып жатқан«Оқитын ұлт» жобасы – халықты кітап оқуғабаулитын маңызды бастама. Жобаның бастымақсаты – оқырман мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыру жәнежастардың әдебиетке деген сүйіспеншілігінарттыру. Шалкөде ауылдық кітапханасы да осы жоба аясында түрлі жұмыстар жүргізіп келеді. Кітапханада оқырмандармен кездесулер, «Кітап оқу – табысқа бастар жол» кітап көрмелері, әдеби сағаттар, Қазақ әдебиетінің заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясына,Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың 90 жыл толуына орай“Тағдыр” роман талдау шаралары ұйымдастырылады. Мұндай шаралар оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, жақсы шығармаларды танып-білуіне мүмкіндік береді. Кітапханаға келетін тұрақты оқырмандарымыз да аз емес. Әсіресе, көркем әдебиетке қызығатын балалар мен жастардың кітап оқуға деген ынтасы қуантады. Олар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын оқып, өз ойларымен бөлісіп отырады. Бұл – кітап оқуға деген сүйіспеншіліктің артып келе жатқанының белгісі. Біздің ойымызша, кітап оқуды насихаттау тек кітапхананың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Отбасында ата-ана кітап оқуға үлгі көрсетсе, мектеп пен кітапхана осы бағыттағы жұмыстарды бірлесе жалғастырса, балалардың кітапқа деген қызығушылығы арта түседі. Кітап – адамға білім беретін, жақсы мен жаманды ажыратуға үйрететін асыл қазына. Сондықтан әр адам кітап оқуға уақыт бөліп, рухани дамуға ұмтылуы керек.Шалкөде ауылдық кітапханасы алдағы уақытта да «Оқитын ұлт» жобасы аясындағы жұмыстарды жалғастырып, ауыл тұрғындарын кітап оқуға шақырады. Өйткені кітап оқитын ұлттың болашағы жарқын, рухани байлығы мол болады.
Шалкөде ауылдық кітапхана меңгерушісі Абирова Дариға Медетханқызы

