Аудан халқына қолжетімді медициналық көмек күнен-күнге жақсара түсуде. Жақында ғана өте жақсы жаңалық — аудандық емханаға НСГ-нейросонография, миды ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараты әкелініп іске қосылуда. Оны оқитын бейінді маман да дайын. Себебі бұл аппарат жоқ кезде әсіресе жүкті әйелдер, жас босанған аналар кішкентай нәрестелерімен бірге 360 шақырым Алматы қаласына ауа-райының қолайсыздығына, жолдың алыстығына қарамай баратын.
Енді міне ауданымыздың емханасында миды ультра дыбыстық зерттеу (УДЗ), қаралатын мүмкіндік туып отыр. Миды ультра дыбыстық зерттеу (УДЗ) — профилактикалық тексеру ретінде бір айлық балаға, көбінесе шала туылған нәрестелерге, босану кезінде қиындық болған балаларға, оттегі жетіспеушілікке күдік болған жағдайда, басының көлемі жасына сай тым тез өссе, балада неврологиялық белгілілер: құрысу, иегі дірілдеу, бұлшық ет тонусының төмен не жоғары болу жағдайларында дәрігер тағайындайды. Миды ультра дыбыстық зерттеу (УДЗ) жас нәрестелерде гидроцефалия, мишылық қан құйылу, құрысу, гипоксия, кисталар, қарыншаның кеңеюі және басқа да мидағы өзгерістерді ерте анықтауға көмектеседі.
Құрметті туыт жасындағы аналар, болашақ ұрпағымыздың денсаулығы мықты болып өсу үшін осы мүмкіндікті толық пайдаланып уақытысында нәрестелерімізді УДЗ аппартына тексертіп, невропатолог дәрігердің кеңесін алайық.
КАСЫМБАЕВА Н.Н
Қызылшекара дәрігерлік емханасының дәрігері

