Жаңа Конституцияның 94-бабына сәйкес, бұрын 30 тамызда тойланып келген Конституция күні мемлекеттік референдум өткен күнге – 15 наурызға ауыстырылды. 30 тамыз енді қарапайым жұмыс күні болып есептеледі.Жалпы алғанда, жаңа Ата Заң мәтіні ескі нұсқамен салыстырғанда 84 пайызға жаңартылып, 11 бөлім мен 95 баптан құралды.

