Интернет алаяқтары азаматтардың сенімін пайдаланып, ақша мен жеке мәліметтерді иемденудің түрлі тәсілдерін қолданады. Олар жалған ұтыстар, тиімді несие ұсыныстары, инвестициялық жобалар немесе банк қызметкері атынан қоңырау шалу арқылы алдауы мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін күмәнді хабарламаларға сенбеу және жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу қажет. Банк картасының құпия кодын, бір реттік растау кодтарын ешкімге айтуға болмайды. Ақша аудармас бұрын алушының деректерін мұқият тексеріп, ұсыныстың шынайылығына көз жеткізген жөн. Егер алаяқтыққа тап болсаңыз, дереу банкке хабарласып, құқық қорғау органдарына арыздану қажет. Сақтық – қаржылық қауіпсіздіктің негізі.
Интернет алаяқтық

