14.6 C
Нарынкол
Понедельник, 16 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

АСТАНА КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

     Астана — бас қала, еліміз үшін саяси маңыздылығы жоғары әсем қала. Армандар қаласы. Нақты шешімдер қабылданатын алып шаһар!

   2009 жылғы шілденің 6 жұлдызынан бастап Астан күні арнайы мемлекеттік мереке ретінде тойлана бастады.

   Астана — Қазақстан Республикасының астанасы. 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап астана статусына ие. 2017 жылдың маусымында Миллионер қаласы мәртебесіне қол жеткізілді, ол кезде тұрғындардың саны 1 002 874 адамға жетті. Астана елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Әкімшілік жағынан қала 5 ауданға бөлінген.

Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы ұсынысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде ауыстыру туралы шешім қабылдады. Орталық мемлекеттік органдардың Ақмолаға ресми көшуі 1997 жылғы 10 желтоқсанда басталды.

Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусым күні өтті.

Қала бес әкімшілік бірліктен — «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл», «Байқоңыр» және «Нұра» аудандарынан тұрады. Есіл және Нұра ауданы қаланың даму динамикасына қарай кейінгі жылдары құрылды.

   Осындай тағылымды тарихқа ие бас қаламыз- Астана қаласы әр жылдың 6 жұлдызында дәстүрлі түрде тойланады. Маңызды мерекеге орай, ауданымыздың мәдениет үйінде арнайы салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мерекелік шарада мемлекет қызметкерлерін марапаттау сәті ұйымдастырылып, аудан әкімі аппараты басшысы Кенебаева Гуля Смағұлқызы бірқатар қызметкерлерді аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапаттады.

   Жиын соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Мереке құтты болсын, құрметті аудандастар! Бас қаламыз өз тұғырынан түспей, даму сатысымен өрлей берсін!

Айгүл ТАҒАЕВА

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып...

Осыған ұқсас мақалалар