Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, міндеттері, мемлекеттік биліктің негізгі қағидаттары белгіленеді.
Жаңа Конституция қабылдануы – елдің құқықтық жүйесін заман талабына сай жетілдіруге бағытталған маңызды қадам. Конституциялық өзгерістердің басты мәні – азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, заң үстемдігін нығайту және қоғамдағы жауапкершілікті арттыру.
Конституцияға құрмет – өз құқығың мен еліңнің болашағына құрмет.

