Қоғамдық қауіпсіздік – елдегі тұрақтылық пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ететін маңызды құндылық. Көшеде, қоғамдық орындарда және күнделікті өмірде тәртіп сақтау әр адамның жауапкершілігін талап етеді.
Қауіпсіз орта қалыптастыру үшін заң талаптарын орындап, өзгенің құқығына құрметпен қарау қажет. Күдікті жағдайға тап болғанда немқұрайлы қарамай, тиісті қызметтерге дер кезінде хабарлау да маңызды.
Қоғамдық тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

