Меншік – азаматтың заңмен қорғалатын маңызды құқықтарының бірі. Әр адам өзіне тиесілі мүлікті иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы. Өзгенің мүлкіне заңсыз қол сұғу – құқық бұзушылық.
Мүлікті қорғау үшін құжаттарды қауіпсіз сақтау, қаржылық операцияларда сақтық таныту және күмәнді адамдарға жеке мәліметтерді бермеу маңызды. Құқығы бұзылған жағдайда азамат заңда белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына немесе сотқа жүгіне алады.
Меншікке құрмет – заңға құрмет. Ал өз құқығын білу – оны қорғаудың алғашқы қадамы.

