Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасының тыныштығына ғана емес, адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ауыр мәселе. Зорлықтың физикалық күш көрсету, психологиялық қысым жасау, қорқыту немесе экономикалық шектеу сияқты түрлері болуы мүмкін.
Отбасындағы мәселені күш қолдану арқылы шешуге болмайды. Әр адам қауіпсіз әрі сыйластыққа негізделген ортада өмір сүруге құқылы. Зорлық-зомбылыққа куә болған азамат та бейжай қалмай, тиісті органдарға хабарласуы маңызды.
Зорлықты жасыру немесе оған үнсіз төзу мәселені шешпейді. Қауіпсіздікке қауіп төнсе,  102 нөміріне хабарласып, көмек сұрауға болады.


