Домойhantengrigazeti.kz ақпаратИнтернет алаяқтықтан сақ болыңыз!

Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз!

Қазіргі таңда интернет өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда цифрлық мүмкіндіктерді алаяқтар да өз пайдасына пайдаланып келеді. Олар жалған қоңыраулар, хабарламалар, әлеуметтік желідегі парақшалар мен күмәнді сілтемелер арқылы азаматтардың ақшасы мен жеке деректерін алуға тырысады.

Бейтаныс адамға банк картасының нөмірін, құпия сөзді, SMS арқылы келген кодты беруге болмайды. Күмәнді сілтемелерге өтпей, белгісіз қосымшаларды жүктеуден де сақ болған жөн.

Егер алаяқтыққа тап болсаңыз, уақыт жоғалтпай банкке хабарласып, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Сақтық – алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы. Жеке деректеріңізді қорғаңыз, күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз!

Жаңалықтар