Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін басты құжат. Онда мемлекеттің құрылымы, азаматтардың міндеттері мен қоғам өмірінің негізгі қағидалары белгіленген.
Ата Заңды құрметтеу – елдің заңдары мен мемлекеттік құндылықтарын құрметтеуден басталады. Әр азамат өзінің құқықтары мен міндеттерін біліп, заң талаптарын сақтауы тиіс.
Конституциядағы басты қағидалардың бірі – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Сондықтан Ата Заң – әділетті, тұрақты және құқықтық қоғам қалыптастырудың берік негізі.
Конституция – ел бірлігінің, тұрақтылығы мен заң үстемдігінің кепілі.


