-11.9 C
Нарынкол
spot_img
Домойhantengrigazeti.kz ақпаратСАЙЛАУ - ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

САЙЛАУ — ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

Дүниежүзілік сайлау күнін өткізудің  басты міндеттеріқоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру.

6 ақпанСайлау күні аясында Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының  төрағасы Бексұлтанов Айдын Нұртайұлымен  сұхбаттасып, аудандық сайлау үрдістері жайлы әңгіме өрбіттік.

— Айдын Нұртайұлы, қайырлы күн, Мереке құтты болсын! Қазақстан- демократиялық мемлекет. Осы орайда, алғашқы сауалым, жалпы, демократиялық қоғамда сайлау қандай міндеттер атқарады?

— Қайырлы күн! Рахмет.

Сайлау – азаматтардың өз еріктерін білдіре отырып, елбасшысын, Парламент депутаттарын, жергілікті өкілді органдарды немесе қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге арналған кандидаттарды таңдау процесі. Сайлау — демократиялық қоғамның негізі болып саналады, өйткені халық өз даусын беру арқылы елдің саяси бағытын анықтауға қатысады.

Бұл азаматтардың саяси процестерге араласуының негізгі құралы, мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды оқиға. Сайлаудың негізгі мақсаты – қоғамда әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету, халықтың мүддесін қорғау.

Ауданымыздағы сайлау комиссиясының құрамына, өкілеттілігі мен құрылу тәртібіне сипаттама бере кетсеңіз

— Аумақтық сайлау комиссия жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады. Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.  Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін белгіленген қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыретіне бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау учаскелері қандай жерлерде құрылады және ауданымыздағы сайлау учаскелерінің саны қанша?

— Сайлау учаскелері сайлаушылар үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында және жергілікті және өзге де жағдайларды ескере отырып құрылады.

Сайлау учаскелері мынадай шарттар ескеріле отырып құрылады:

1) әрбір сайлау учаскесінде үш мыңнан аспайтын сайлаушы;

2) әкімшілік-аумақтық бірліктерде әкімшілік-аумақтық құрылымның шекараларын сақтау.

Әскери бөлімдерде, ҚР-ға тиесілі және сайлау күні жүзіп жүрген кемелерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, стационарлық емдеу-алдын алу мекемелерінде, шалғай және жету қиын аудандарда азаматтар орналасқан жерлерде, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерінде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында тиісінше, олардың орналасқан жері, кеменің тіркелген порты немесе орналасқан жері бойынша сайлау округтеріне кіретін сайлау учаскелері құрылады. Райымбек ауданы бойынша 1 аудандық аумақтық және Райымбек аудандық  мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі 11 округтік және 24 учаскелік сайлау комиссиялары құрылған, олардың құрамында жалпы саны 209 комиссия мүшелері бар.

— Ауданымыздағы  сайлаушылардың белсенділігіне баға  бере кетсеңіз? Әрбір  берілген дауыстың маңыздылығы қандай?

— Ауданымыздағы сайлаушылар белсенділігі көңіл қуантарлық дәрежеде.  Сайлау науқанына бұрынғыдай емес, аса жауапкершілікпен қарайтын азаматтарымыз көбейді.  Қазір «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының да жемісін көріп отырмыз. Бір жағы әлеуметтік желінің де ықпалы болу керек, шешімі табылуы тиіс проблемалармен жоғары биліктегілер де бірден хабардар. Сұраулардың барлығы ашық түрде сұралса, оған тиісті жауап та ашық түрде берілуде. Мемлекет пен халық арасында байланыс орнады.  Таңдау  жасау – ол әрбір азаматтың конституциялық құқығы.

— Сайлау еркіндігінің кепілдіктері қандай?

— Қазақстан Республика азаматтардың сайлауға қатысуының еріктілігі. Сайлау еркіндігінің  қағидасы кез-келген демократиялық мемлекет үшін негіз болып табылады. Сайлау еркіндігінің қағидасы азаматтардың сайлауға мемлекет тарапынан мәжбүрлеусіз өз еркімен қатысатынын білдіреді.

Қазақстан Республикасының заңнамасы сайлаудың кезеңділігін, халықтың түрлі әлеуметтік топтарының билік органдарында өкілдік етуін, сайлау органдары қызметінің ашықтығы мен айқындығы қамтамасыз етілетіні атап өтілді. Қазақстанның заңнамасы үнемі жетілдіріліп, қазіргі әлемнің шындығына сәйкес түзетіліп отырады. Сайлау заңнамасымен бірге сайлау үрдісі де жақсарады, сайлаушылардың және басқа да сайлау үрдісіне қатысушылардың құқықтық мәдениеті артып келеді.

— Әңгімеңізге рахмет, Айдын Нұртайұлы, жұмысыңызға сәттілік тілейміз

Сұхбаттасқан: Ақерке БИЖАН

Жаңалықтар