Меншік құқығы – әрбір азаматтың заңмен қорғалатын негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, әркімнің заңды түрде алған мүлкін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Сондықтан меншік құқығын қорғау мәселесі қоғамдағы құқықтық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады.Меншікке қол сұғушылық, бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену, алаяқтық, ұрлық сияқты құқық бұзушылықтар азаматтардың заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін мемлекет меншік құқығын қорғауға бағытталған заңнамалық нормаларды тұрақты түрде жетілдіріп келеді.Азаматтар өз мүлкін қорғау үшін құқықтық сауатты болуы қажет. Кез келген келісімшарттарды заң талаптарына сай рәсімдеу, жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттарды мұқият сақтау, күмәнді мәмілелерден сақтану – меншік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды жолдары.Меншік құқығы бұзылған жағдайда азаматтар құқық қорғау органдарына немесе сотқа жүгінуге құқылы. Сот арқылы келтірілген шығынды өндіріп алу, заңсыз иеленілген мүлікті қайтару және құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту мүмкіндігі қарастырылған.Қорытындылай келе, меншік құқығын қорғау – әрбір азаматтың әл-ауқатын, қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігін қамтамасыз ететін маңызды фактор. Өз құқығын білу және оны заң аясында қорғау – құқықтық мәдениеттің басты көрсеткіші.

