Отбасындағы зорлық-зомбылық – бір отбасының ғана емес, тұтас қоғамның мәселесі. Қорқыту, күш көрсету, қорлау немесе адамның еркіндігін шектеу оның психологиялық жағдайына ауыр әсер етеді. Сондықтан мұндай әрекеттерді «отбасылық мәселе» деп қабылдап, үнсіз қалдыруға болмайды.
Зорлық-зомбылықтың алдын алуда отбасыдағы өзара сыйластық пен дұрыс қарым-қатынастың маңызы зор. Қиын жағдайға тап болған адам көмек сұраудан қорықпауы керек. Ал айналасында осындай жағдайды байқаған азаматтың бейжай қалмауы – қауіптің алдын алуға көмектесетін маңызды қадам.

