Нашақорлық – адамның өміріне, денсаулығына және әлеуметтік ортасына кері әсер ететін қауіпті тәуелділік. Әсіресе жастардың зиянды ортаға еріп, есірткі заттарын байқап көруі ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл бағыттағы алдын алу және түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуі қажет.
Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңызы зор. Спорт, өнер, білім және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласу адамның өз қабілетін дамытуына мүмкіндік береді. Салауатты өмір салтын таңдау арқылы жас ұрпақ өз болашағын зиянды әдеттерден қорғай алады.

