14.6 C
Нарынкол
Понедельник, 16 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

АЛАҚАНДАҒЫ БАҚЫТЫН АРДАҚТАҒАН АҚЫН

Ақын, аудармашы, журналист, редактор, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, жерлесіміз, Қайнар ауылының тумасы — Мақпал Мысамен танымдық сұхбатты назарларыңызға ұсынамын.

— Қайырлы күн, Мақпал ханым, өзіндік сара жолыңызды үлгі тұтып, ізбасарыңыз ретінде сұхбаттасуды асыға күткен едім, сұхбаттың сәті бүгінге түскен екен, әрине, өзіңіз жайлы  тағылымды тұлға ретінде оқырмандардың көпшілігі таныса керек-ті, дегенмен, өзіңіз бір мәрте толығырақ ақпарат ұсынсақ.

-Қайырлы күн, Жанерке, рахмет. Иә, мен 1983 жылы 26 желтоқсанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келгенмін.

— Мақпал Мысаның балалық шағы қалай өтті ?

— Өздеріңіз білетіндей, қазіргі  қоғамда тұлға болып қалыптасу оңай емес. Әркім өз қабілеті мен қалауына орай, әр салада дамып жетіледі, қызмет етеді. Менің балалық шағым  аспантаулар өлкесі — Қайнар ауылында өтті. Өздерің секілді қаракөз,  қызыл шырайлы қыз болдым,  сол ауылда өсіп, қиялдап, биік тауға қарап   биік болып  өсуді армандадым, осылайша осы күнге жетіп отырмын.  Балалық шағым қазақтың қаймақты,  көрікті жерінде өткені қуантады.

— Тырнақалды туындыңыздың  «Алақандағы бақыт»  аталу себебі  неде?

— Бұл атауда аса  бір пәлсапалық ой жоқ. Жалпы «Бақыттың» неше түрі бар ғой. Мен сол бақытты өзімнің өлеңдерімнен табамын. « Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген сөз барғой қазақта. Сол бақытты алақанда сезіну адамға қаншалықты сезім береді десеңізші…  Сол себепті мен өз жазған өлеңімді бақытым деп,  алғашқы туындымды «алақандағы бақыт» деп атадым. Қанша кітап шығарсам да сол пышақтың қырындай  ғана кішкентай кітабым маған ыстық болып тұрады .

— Шығармашылыққа деген алғашқы қабілетіңізді кім байқады?

— Алғаш дарынымды атам мен әжем байқады,  ол кісілердің қолында өспесем де,  барып жиі әңгімесін тыңдап отыратынмын. Әңгімешіл ата-әжеме өз ойларымды, ұтымды пікірлерімді, өлеңдерімді айтатынмын.  «Жақсы сөз жан семіртеді» демекші, әрине олар мені мақтаған сайын шабытым арта түсетін. Ал алғаш мектеп қабырғасында Күлшәт Базарбекова деген апайым қабілетімді байқап,  ерекше тапсырмалар  бере бастады. Ал мен тапсырмаларды  шамам келгенше үздік орындауға тырысатынмын. Алғаш бір ертегіні берді, мен сол ертегіні өлеңге айналдырдым.  Кейін өлеңімді мұғалімдер бөлмесінде өзгелерге оқып беріпті, осыдан бастап  ұстаздардың барлығы  мені  «ақын қыз» деп атап кетті. Жалпы,  “бұлақ көрсең көзін аш” демекші,   ұстаздың оқушы болашағы үшін маңызы  өте зор. Осы тұрғыда менің Күлшат апайға айтар алғысым шекіз.

— Ақындық қасиет отбасы мүшелеріңізден дарыған ба?

— Әжем айтыскер кісі болған. Өз уақытында үлкен тойларда айтысады екен. Тойларда той бастарды ойша айтады екен. Атамның да жазатыны бар, бірақ ол кісі көбіне тарихқа жүгінеді. Өзімнің әкемнің де жазуға талпынысы болды. Бірақ нақты бір осы жолды қуалап кеткен жоқ. Сондықтан, менің қабілетім, отбасымнан дарыған деуге толық негіз бар.

— Өлеңнің құдыреті неде?

— Өлең деген бір кіршіксіз әлем. Өлең деген бір ақынның жүрек түкпіріндегі сезімдерді жыр қылып қайнатады. Әрине өлеңде тазалық керек. Тазалық, армандау, қуану секілді өмірдің барлық әсерін сезіну, табиғатты сезіну, табиғатпен жарасым табу. Өлең деген әлемді өзі ғана емес өзгеге де сыйлай білу. Ал жалпы өмірде өлең қашан туды деп сұрақ қою сауатсыздық.  Себебі оқырман өзі оқып түсіну керек. Кейбір ақындар жазып тастаған өлеңді оқырман оқып өзінің өмірін көргендей  болады. Ол жердегі оқиға маңызды емес, ол жердегі сезіну маңызды. Ол күйді кешкендей емес сол күйді сезініп жүріп әттеген-ай деп менің дәл қазіргі күйім ғой деп таңғалып жатады.  Сондықтан өлең жүректің бүлкілі,  көңілдің лүпілі,  алмағайып заманда ақ пен қараның, өмір мен өлімнің арасындағы бір ерекше құбылыс.

— Бүгінгі күні жастардың біразы кітап оқуға құмар екені көз қуантады, барлығы болмаса да, бірталайы кітапты серік еткен, осы тұста, жастарға оқуға кеңес беретін үш кітапты  атап өтсеңіз.

— Абай жолын негізі үш қайтара оқу керек деп жатады, бірақ оған да үлкен талап керек.  Ілияс Есенберлиннің  «көшпенділер» кітабын оқу керек деп ойлаймын, онда  біздің тарихымыз баяндалған. Мұхтар Мағауиннің кітабы. Мейлінше он томдығын оқу керек шығар себебі сонау бес ғасыр жырлайдыдан бастап қазақтың әдебиетін, тарихын бізге аманаттап жеткізген  жазушының кез келген шығармасын оқыған жөн.

— Өзіңіз авторлық ететін “Мәртебелі өнер” жобасынан халық өзіне не ала алады?

— Өзінің атауында тұрғандай, мәртебелі өнер — саф өнер. Өнердің бастауы- қаламгер, содан шығарма туады. Соны халыққа жеткізетін әрине, ол — актер. Сол актердің өнері арқылы сол шығарманы, қаламгерді танытады.  Бұл жерде өлең болсын, монолог болсын әлде бір сахналық көрініс болсын, сол сөздерге кірген актер сол өнерге жан бітіреді. Бұл мәртебелі өнер анық актерлерге арналған жоба болды.

Актер соны әдемілеп оқып тұрса адам содан ләззат алады. Бұл -эстетика. Бұл адам жанына керекті энергия. Адам жаны осыдан нұрланады. Егер сөз жүректен шықса мән табады.

— Мақпал Мазаққызы, сүбелі сұхбат үшін рахмет. Өнеріңіз мен өнегелі өміріңіз, біз секілді ізбасарларыңызға үлгі.

Сұхбаттасқан: Жанерке АЙДОСҚЫЗЫ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып...

Осыған ұқсас мақалалар