3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

ОБЛЫС ӘКІМІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы жұмыс сапарымен ауданымызда болып, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты. Облыс әкімінің сапары Қаратоған ауылындағы ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарымен танысудан басталды. «СК Ретма» ЖШС жүргізіп отырған ауыз су жүйесінің жұмыстары биыл аяқталып Қаратоған ауылының халқы көптен күткен қуанышқа кенелмек. Жұмыс басына келген облыс басшысы ауыз су жүйесінің жұмысшыларына тиісті тапсырмалар беріп, жұмыстың сапасына көп көңіл бөлуді тапсырды.

          Сапар барысында аймақ басшысы Жамбыл ауылындағы Мәдениет үйі құрылысының жұмыстарына бақылау жасады. Мемлекеттік сатып алуда жеңімпаз болған  «АЛМАТЫ-CONSTRUCTION.БМ»  ЖШС аталған мәдениет үйі құрылысының мердігері болып танылды. «АЛМАТЫ CONSTRUCTION.БМ» ЖШС-нің директорыС.Л.Муталиев аталған нысанның құрылыс жұмыстары туралы баяндап берді. Марат Елеусізұлы жұмыс барысымен танысып, мәдениет үйінде өнерлі балаларға арналған үйірмелерді көптеп ашуды тапсырды. Бұл мәдениет ошағын мерекелі күндері ғана бас қосатын орталыққа айналдырмай күнделікті жас буынды өнерге баулитын алтын шаңырақ жасау керектігін баса айтты.

Облыс әкімінің  Жамбыл ауылындағы мәдениет үйінің құрылысынан кейінгі сапары аудандық мәдениет үйіне бағытталды. Аудандық мәдениет үйінің кіре берісінде қонақтарды арнайы көрмемен таныстырып, артынша облыстық басқарма басшыларының тұрғындарды жеке қабылдауы және азаматтарды жеке қабылдауы болды. Аудандық Баққожа Мұқай атындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті. Облыс және аудан әкімінің есеп беру жиналыс тізгінін Алматы облыстық мәслихатының төрағасы, Аманат партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев жүргізді. Алдымен аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы аудандағы  өткен кезеңде және алда атқарылатын жұмыстар барысынан халыққа арнайы есеп берді. Аудан әкімі есебі бойынша, ауданымызда ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айындағы ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 9,4 млрд теңгені құраған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8,9 есеге өскен.

      Мал шаруашылығы саласының көрсеткіштері мынадай, ірі қара 72800 бас,  қой-ешкі 345557 бас, жылқы 46901 бас, құс 28130 бас.

      Ауданымыздың суды үнемді пайдалану көрсеткіштері бойынша, ауданымызда 23,4 мың га суармалы жер болса, оның тек 1400 га жаңбырлатып суарылады.

       Ауданымызда 8,0 га жердің 4,5 мың га аудан жер қорынан алынды. Оның ішінде 3,5 мыңға жайылымдық, 690 га егістік жер.

     Аудан әкімі өз есебінде инвестицияның 1,7 млрд теңгеге ұлғайғанын айтып, су электр станциясын, орталықтандырылған жанармай бекеті, қонақ үй кешені, ресторан, балалар тағамын өндіретін және картофель өңдейтін зауыт, ауыл шаруашылығы техникаларын жинау цехы және жасыл өнімдерді өндіретін цех сынды жаңа нысандар салу жоспарлануда.

    Аудан бойынша 2024 жылы салық түсімдерінің болжамы 2,3 млрд. теңге.

    Ауданымызда жұмыссыздарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына, «Ауыл аманаты» бағдарламасында жастарға берілетін жеңілдетілген  несие және мемлекеттік гранттар беру арқылы жұмыссыздықтың санын азайту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Аудан көлеміндегі орташа айлық жалақы – 251 мың теңгені құрайды, бұл көрсеткіш 2023 жылы 245 мың теңгені құраған.

    Ауданның  телекоммуникация  жүйелеріне тоқталар болсақ, 1984 абонентке “Megaline Small Business” тарифтік жоспарында 10/14 Мбит/сек жоғары жылдамдықтағы интернет ақылы телевидение қызметтері қосылды. Ауылдық елді-мекендерге -250+ жобасы бойынша, Нарынқол, Қайнар, Текес, Жаңа Текес, Қаратоған, Қарасаз, Тегістік, Тұзкөл, Сарыбастау, Сүмбе, Шәлкөде, Талас, Қызыл Шекара- 2021 жылы 3G/4G интернет Tele 2, Altel, Beeline ұялы операторлары іске қосылды. Қостөбе, Тегістік ауылдарына сметалық жұмыстар жасалып, қаражат бөлінген жағдайда интернет, телефон желілері орнатылады.

    Келесі облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің есеп беру баяндамасына кезек беріліп, облыс әкімі  Алматы облысының экономикалық дамуынан аудан тұрғындарын хабардар етті. Облыс әкімінің баяндамасына сәйкес, Райымбек ауданының бюджеті  2023 жылы 6,7 млрд теңгені құраса, 2024 жылы 6,2 млрд теңгені құраған. Ауданымыздың проблемалық мәселелері тұрғысында, Райымбек ауданы бойынша жалпы саны 42 проблемалық мәселе енгізілсе, оның ішінде 4 мәселе шешімін табына байланысты Жол картасынан алынып тасталды. Шешімін тапқан мәселелердің алғашқысы- Көмірші ауылындағы көше жолдарын жөндеу, екіншісі, “Байынқол су құбыры” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына  арнайы техника сатып алу, үшіншісі, Жаңа Текес ауылындағы көше жолдарын жөндеу, соңғысы, Текес ауылындағы жаяу жүргіншілер жолын салу.

     Жұмыспен қамту мәселесінде, облыс бойынша құрылған жұмыс орны саны 24,4 мың болса, Райымбек ауданына тиесілісі 854 жұмыс орны. Жұмыссыздар саны аудан бойынша 673 адамды құраса, жұмыссыздық деңгейі 5,3%-ды құрайды.

    “Ауыл аманаты” жобасы аясында ауданымызда 157 өтінім қабылданып, 521,2 млн теңгеге 93 несие берілген.

     Марат Сұлтанғазиевтің баяндамасы аяқталысымен, жиналыстың келесі бөлімі- сұрақ-жауап бөліміне ауысып, аудан тұрғындарының мәселелі сұрақтарына кезек берілді. Алғашқы сауалды Аудандық аналар кеңесі төрайымы Омарова Балжан ханым қойды. Балжан ханымның сұрағы расымен де барша халықтың көкейіндегі сұрақ. Бұл-газ мәселесі. Ауданға қашан газ келеді? Облыс әкімі бұл жоспарланған, әрі мемлекеттік сараптамадан өткен мәселе екендігін, қаржы бөлінсе газдың да ауылы алыс емес екенін айтып, аудан тұрғындарына  үлкен үміт сыйлады.   Алматы облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, Жамбыл ауылының тұрғыны Қаптағаев Айыпжан мырза Жамбыл ауылындағы Байынқол өзенінен өтетін көпірдің тар екенін және соның нәтижесінде бір орман шаруашылығы қызметкері қайтыс болғанын айтып, облыс әкімінен осы көпір мәселесіне қатысты шешім сұрады. Марат мырза 1965 жылы салынған көпірдің 2021 жылы әкімшілік тарапынан балансқа алынғанын айтып, мемлекеттік сараптамада екенінен хабардар етті. Сәті келсе, шешілетін дүние екеніне сендірді. Келесі сауал Қызылшекара ауылы К.Байшығанұлы атындағы орта мектептің жөндеу жұмыстарын қажет ететіні туралы болды. Мектептің салынғанына 45 жыл, осы жыл аралығында бірде бір жөндеу жұмыстарын көрмеген болып шықты. Бұл мәселеге де жауап бар, дегенмен, облыс әкімі мектепті күрделі жөндеуден өткізуге бөлінген қаражатқа жаңа мектеп салу тиімді сынды деген ұсынысын айтты. Расымен де, 1,6 млрд-қа жаңа мектеп салу ұтымды болары сөзсіз.

     Келесі сұрақты аудандық мәдениет үйі директоры Медет Байжұма қойды. Медет мырза Сарыжаз, Шәлкөде, Тегістік ауылдарында мәдениет үйін салу мәселесін сөз етті. Облыс әкімі Мәдениет үйлерін салуда әзірге қаражатты үнемдеп, арнайы шараларды мектептің акт залдарында өткізе тұруды ұсынды.

     Қайнар ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Қақпақ және Қайнар ауылдарының жарық жүйесіне шағым айтып, трансформаторлардың ескіргенін ескертті. Бұл мәселеге қатысты «Алатау Жарық Компаниясының» өкілі трансформаторлар жаңаланатынын айтты. Сонымен қатар, аталған екі ауылдық округтің әкімшілік ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары қажет екенін айтты. Облыс әкімі бюджетке ұсыным берілу арқылы әкімшілік ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізуге болатынын айтты.

          Аудан халқымен кездесу аяқтала салысымен облыс басшысы бастаған жұмыс тобы аудан орталығы Нарынқол ауылынан салынып жатқан аудандық  жастар орталығы мен емхана ғимаратының құрылысына табан тіреді. Заман талабына сай жүргізіліп отырған құрылыстарға көңілі толып, құрыш қолды құрылысшылардың жұмыстарына сәттілік тіледі.

      Келесі кезекте осы күнмен тұспа-тұс келген аудандық өрт сөндіру бөлімшесі ғимаратының ашылу салтанатына арнайы қатысты. Қуанышқа жиылған Нарынқол ауылының халқын және аудандық өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлерін шын жүректен құттықтады. Салтанатты шараның келесі сөз кезегін алған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Камалов Рамиль Фаткулович құттықтау сөз сөйледі. Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Камалов Рамиль Фаткулович, ардагер өрт сөндіруші Атеев Оразбай Алиұлы су жаңа ғимараттың лентасын қиды. Әжелер шашу шашып, жиналған көпшілік аудандық өрт сөндіру бөлімшесі ғимаратын аралап, төтенше жағдай кезіндегі қолданатын құрал-жабдықтармен танысты.

     Облыс әкімі ауданымызға жасаған жұмыс сапарын Нарынқол-Кеген республикалық маңызы бар тас жолының орташа жөндеу жұмыстарымен танысумен аяқтады.  
     Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бір күндік іс-сапарының соңында аудан басшысына ауданның жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты тиісті жұмыстардың жүргізілуін тапсырды.

«ХАНТӘҢІРІ»

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар