2.3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ       

Жуырда ауданымызда Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев пен Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан және Алматы облыстық мәслихатының төрағасы, «Аманат» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Дәулет Жарасбаевтар іссапармен болды.

Елдің халін білуге келген халық қалаулылары алдымен Қарасаз ауылына атбасын бұрды. Қарасаз ауылындағы «QARASAZ –FOOD» ЖШС сүт өнімдерін өндіруге бағытталған зауыттың жұмыс барысымен танысты. Зауыттың директоры Ерсін Ержанмен жұмыс барысында әңгіме өрбітіп, аудан аумағында осындай  зауыттарды  көбейту керектігін айтты. Сөз соңында зауыттың жұмысына табыс тіледі.    

Депутаттар мен атқамінер азаматтар Қарасаз ауылындағы Өнер мектебінің құрылыс жұмысына да табан тіреді. Биылғы жылы қолданысқа берілетін Өнер мектебінің құрылысы қарқынды жүруде. Қос қабатты ғимараттың лентасы қиылса өнерге жақын бүлдіршіндер мектептің сәнін кіргізбек. Құрылыс жұмыстарын аралап көру кезінде көзге түскен кемшіліктер айтылып, құрылыстың сапасына көп көңіл бөлу тапсырылды.

Сенат депутаты Ж. Жөргенбаев, Мәжіліс депутаты Ж. Әшімжан, Алматы облыстық мәслихатының төрағасы, «Аманат» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қ. Байғоджаев, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Д. Жарасбаевтартар Қарасаз ауылынан кейін аудан орталығы Нарынқол ауылына келді. Ондағы мақсат «Нарынқол орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізу болатын. Орманшылармен кездесу барысында орман шаруашылығына қатысты қордаланып қалған мәселелер сөз болды. Жиынның алғашқы сөз кезегін алған Сенат депутаты Ж. Жөргенбаев орманды қорғау қызметкерлерінің жұмысы қаншалықты ауыр әрі маңызды екеніне тоқталды. Сонымен қатар, айлық жалақыларының мәселесі туралы сөз қозғады. Орманшылар тарапынан да ұсыныс-пікірлер айтылып, сұрақтар қойылды. Шешімін таппай тұрған мәселелер назарға алынып, жиын жабық деп  жарияланды.

Депутаттар аудан халқының көптен күткен қуанышына айналған Нарынқол-Текес арасындағы 15 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмыстарына барды. Мұндағы ең негізгі мәселе жолдың сапасы екені айтпаса да белгілі. Сол себепті жолдың сапасына баса назар аударды. Алдағы уақытта да жолдың орташа жөндеу жұмыстарын бақылау назардан тыс қалмайтынын айтып, еңбектеріне жеміс тіледі.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар