3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

АУДАН ӘКІМІ НАРЫНҚОЛ АУЫЛЫНЫҢ ХАЛҚЫНА ЕСЕП БЕРДІ

   Апта басы аудан әкімінің халыққа есеп беру жиналысымен басталды. Халықтың басшылықтан есеп сұрауы – демократиялық мемлекеттің алғышарттары. Аудан әкімі халық игілігі үшін атқарылған және болашақта атқарылатын бірқатар жұмыстардан Нарынқол ауылының халқын  хабардар етті.  

    Жиын басы аудан әкімінің есеп беруге негізделген баяндамасымен басталды. Ауданымыздағы маңызды әрбір салаға жеке тоқталып, бөлінген және жұмсалған қаржы есебін берді. Аудандық мәдениет үйінде өткен есеп беру жиналысына Нарынқол ауылының халқы, мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Мұндай сипаттағы есеп беру кездесулері бұдан былай жылына 2 мәрте өткізілмек.

   Берік Фатықұлы өз баяндамасында 2023 жылы атқарылған, 2024 жылы атқарылатын жұмыстармен таныстырды.

  Биылғы жылдың ең қуанышты жаңалығы — халықтың басты мәселесіне айналған жол мәселесінің шешімін табуы. Біздің ауданымыздың үлесінде республикалық маңызы бар саналатын жолдың 66 шақырымы, облыстық маңызы бар жолдың 35 шақырымы кіреді. Қазіргі сәтте жол жөндеу жұмыстарының  қызу жүріп жатқаны барша тұрғындар назарында.

  Ауданымыздағы құрылыс саласы да өз алдын да бірқатар маңызды нысандар салуда. Атап айтсақ, Жамбыл ауылындағы мәдениет үйі ғимараты құрылысы аяқталуға жақын, Сүмбе және Қызылшекара ауылдарындағы спорт кешені құрылысы толығымен аяқталып, халық игілігіне берілді. Сүмбе ауылында мәдениет үйі құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Көмірші ауылында медициналық пункт ғимараты аяқталды, Нарынқол ауылында жастар ресурстық орталығының құрылысы қарқынды жүруде, Текес ауылының әкімдігі ғимараты құрылысы сәтті аяқталып, пайдалануға берілді.

   Аудан бойынша тауар айналымы 2022 жылы 2 млрд 63,3 млн. теңгені құраса, 2023 жылы 300 млн,8 млн теңгені құраған.

   Өнеркәсіп өнімнің көлеміне салыстырмалы түрде қарасақ, 2022 жылы 1 млрд 758 мыңды құраса, 2023 жылы 758,0 млн көрсеткіште.

   Сонымен қатар, былтырғы жылмен салыстырғанда ауданымызда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру 1,2 есеге өскен деседі.

  Ауданымызда пайдалануға берілген тұрғын үйлер көрсеткіштерінде едәуір жоғарылау көрсеткіші байқалды.

   Салық мәселесінде, 2023 жылы салық түсімдерінің жоспары 107,6%-ға орындалды.

   2023 жылы аудан экономикасына жалпы 7 млрд. 406,6 млн инвестиция тартылды.

   Сонымен қатар, аудан азаматтарына тағы бір үлкен мүмкіндік – “Ауыл аманаты ” бағдарламасы. Бұл бағдарлама аясында ауданымызда 93 азамат 2,5% несие алып, өз кәсіптерін бастаған.

   Мал шаруашылығына келер болсақ, ірі қара 72800 бас, қой мен ешкі 332200 бас, жылқы 42600 бас, құс 39400 басты құрайды. Ауылшаруашылық саласы бойынша, 2023 жылы 1 кооператив, 8 шаруақожалық, 244 бас герефорд, 371 бас ақ бас, 212 бас ангус сиырын, 500 бас архар-меринос, 900 бас иль-де-франс қойын сатып алды.

   2023 жылы 42 бірлік ауыл шаруашылық техникалары лизинге сатып алынды.

   Баяндама соңында аудан орталығы тұрғындары көкейтесті мәселелері бойынша сұрақтар қойып, тиісінше жауаптарын алды.

   Бұл жолы аудан әкімі Нарынқол ауылының халқымен кездесті, дегенмен, халықтың аз жиналуы қынжылтты. Халықтың басшылықпен қарым-қатынасында белсенді болуы аса маңызды. Бұл өз кезегінде басшылықтың жауапкершілігін арттыру мен ісіне белсене кірісуіне мұрындық болмақ.

Ақерке НҰРӘЛІМҚЫЗЫ

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар