0.5 C
Нарынкол
Понедельник, 27 мая, 2024
No menu items!
Маңызды

Қазақстандықтың алғашқы жеке куәлігін алу. Әрекеттер алгоритмі

Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлігі 16 жасында беріледі. Ол республика аумағында жарамды. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын барлық азаматтарының жеке куәлігі болуға міндетті.

Жеке куәлік алу үшін жасөспірім мен ата-анасының біреуі тұрғылықты жері немесе уақытша болатын жері бойынша ХҚКО-на жүгіну қажет. Өзімен бірге жасөспірімнің туу туралы куәлігі, паспорты (болған жағдайда) және ата-анасының біреуінің жеке куәлігі болуы шарт. Сонымен қатар, 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бажды төлеу қажет.

Сондай-ақ, егер бала шетелде туылған болса, ал ата-аналардың азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, шетелдік ата-анадан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуына нотариалды куәландырылған келісімі болуын қажет.

Айта кетейік, құжаттарды рәсімдеу кезінде баланың болуы міндетті. Құжат 10 жыл бойы жарамды болып саналады. Ауыстыруды бір күннен бір айға дейін кешіктірген азаматтар ескерту алады, ал егер мерзім бір айдан асса – 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Кейбір азаматтар мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылған. Олардың ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі, балалар үйлері мен интернаттарда тұратын балалар, көп балалы аналар және басқалар бар.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 25 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6...

Осыған ұқсас мақалалар