7.6 C
Нарынкол
Суббота, 27 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

АБЫХАН ЖЕКСЕМБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР» ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Алматы облысында Абыхан Жексембеков атындағы орта мектепке «Педагогикалық өлшемдер» ғылыми-практикалық зертханасы ашылды. Жобаны Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика университетімен бірлесе жүзеге асыруда.
Бастапқыда балабақша болған бұл ғимарат Еңбекшіқазақ ауданында 1994 жылы алғаш қазақ мектебі болып ашылды. Қазір іргелі білім ошағына айналған мекемеде әр сынып заманауи тәжірибелік құралдармен, интерактивті тақтамен жабдықталған. Бүгінгі «Тұлғаға тағзым – Тәуелсіздік тартуы» республикалық конференциясында мектеп оқушыларының және ұстаздар қауымының жетістіктерін сараланып, жоспарлар талқыланды.
Гүлбахыт ҚАСЫМЖАНОВА, А.ЖЕКСЕМБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Биылғы біздің ерекшелігіміз біз Абай атындағы ұлттық педагогика университетімен “Педагогикалық өлшемдер” зертханасын ашып отырмыз. Ол жерден күтеріміз өте мол. Өйткені мұғалімдерімізге педагогикалық қолдау, ғылыми практикалық жұмыстарға жетекшілік етеді осы университеттің педагогтері, профессорлары, докторлары. Осында келіп сабақ өтеді. Онлайн жоспарларымыз бар түзілген.
Абыхан Жексембеков атындағы орта мектеп пен Абай атындағы ҚазҰПУ-і өзара меморандумға қол қойды. Оның негізінде жаңа зертхана филиалы өз жұмысын Абай атындағы университеттің Педагогика және психология кафедрасының жанында ашылған «Педагогикалық Өлшемдер» ғылыми-зерттеу лабораториясымен бірлестікте жүргізеді. «Педагогикалық өлшемдер» зертханасыны мұғалімдерді даярлауда, мектеп пен университет арасындағы инновациялық ынтымақтастықтың жаңаша практикалық алаңына айналуға барлық мүмкіндіктері бар.
Хайрулла ЖАНБЕКОВ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚазҰПУ АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:
Өздеріңізге белгілі бүгінгі таңда біздің еліміһде жалпы 800 жайлы мектеп салынып жатыр. Ал биылға ағымдағы жылда еліміз бойынша 400 жайлы мектеп салынбақшы. Осы жайлы мектептерге мұғалімдер дайындап, сапалы дайындау мақсатында біз 10-11 сыныптан бастап мұғалімдік мамандыққа ерте кезден баулу мақсатында педагогикалық сыныптарды ашпақшымыз.
Жаңа ғылыми-практикалық зертханасының филиалы ұстаздарға біліктілігін арттырып, оқушыларға жаңа бағытта білім беруге жол ашады. Осылайша мұғалімдер білім алушылардың арасында ерте бастан талапты педагогтерді дайындап шығаруға ниетті

Соңғы жаңалықтар

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК, ҚАҒЫСЫ ЕРЕК – НҰРАҒА

1 сәуір – қазақ музыкасының сайыпқыраны, әйгілі күйші-композитор, дирижер, домбырашы халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туған күні. Осы орайда, қазақ...

Осыған ұқсас мақалалар