9 C
Нарынкол
Суббота, 27 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

  БАҚҚОЖА МҰҚАИДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ ҚОЙЫЛДЫ

Ауданымыз өз еншісін алып, жеке аудан болып бөлінгелі бері аудан тарихы күннен күнге толыға түсуде. Қаншама ел тұлғаларының рухы халықпен қауышқанын баршамыз көріп жүрміз. Бұған дәлел 2019 жылы аудан орталығы Нарынқол ауылындағы аудандық мәдениет үйіне жерлесіміз қазақ прозасы мен драматургиясында жеке шығармашылық орны бар талантты қаламгер Баққожа Мұқаидың есімі берілген болатын. Енді міне аталған мәдениет үйінің алдына Баққожа Мұқаидың туғанына 75 жыл толуына орай баласы Ерлан Мұқаи дың демеушілігімен ескерткіші қойылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті.

         Баққожа Мұқаи 1948 жылы 31 қаңтар күні Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында өмірге келген. 1971 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітіріп, 1965 жылы Кеген (казіргі Райымбек) аудандық «Коммунизм нұры» (қазіргі «Хантәңірі») газетінде енбек жолын бастаған. 1970-1988 жылдар аралығында «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. 1990-1995 жылдарда Мәдениет министрлігінің репертуарлық редакциялық алқасында Бас редактор, басқарма бастығы болған. 1990 жылы облыстық «Қазақ  тілі» қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасады. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі. Бірнеше медальдармен марапатталған. «Парасат» журналының Бас редакторы болды. Қаламгер шығармаларында өмірдегі қайшылықтар, адамдар арасындағы ар-ождан, адамгершілік қасиеттер, тағдырлар таласы мен әлеуметтік мәселелерді суреттейді. Оның «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдары мен «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім», т.б. еңбектері оқырмандар, әдеби орта тарапынан жоғары бағасын алған. Жазушы «Өмірзая» еңбегіне ондаған жылдарын арнаған. Асқан шеберлікпен жазылған туындысы үшін қаламгер ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды, роман бүгінгі күнде де өзінің өміршендігін жоғалтқан емес.

         Ескерткіштің ашылу салтанатында Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлы сөз тізгінін алып, жиналған қауымды қуанышымен құттықтады. Көрнекті журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жанболат Аупбаев Б. Мұқаидың шығармашылығына кеңінен тоқталып, «Қай жерде жүрсек те ауылымыздың тілеуін тілеп жүреміз, ауылымыз көркейсе біздің де көңіліміз көтеріліп қалады»- деп ағынан жарылды. Баққожа Мұқаи  атамыздың бауыры Сатаев Ақылжан және баласы Ерлан Мұқаи ескерткіштің ашылуына арнайы келіп жылы лебіздерін білдірді. Нарынқол ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Қанат Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, әкелеріне ескерткіш орнатқан Баққожа Мұқаи атамыздың ұрпақтарына алғысын білдірді.

Салтанатты шараның құрметті қонақтары ескерткіштің ашылу рәсімін жасап, Баққожа Мұқаидың әруағына тағзым жасап ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

         Баққожа Мұқаи туралы есті естеліктер айтылып, қуанышты күн аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты. Жиналған халыққа ас беріліп, марқұмның әруағына құран бағышталды.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК, ҚАҒЫСЫ ЕРЕК – НҰРАҒА

1 сәуір – қазақ музыкасының сайыпқыраны, әйгілі күйші-композитор, дирижер, домбырашы халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туған күні. Осы орайда, қазақ...

Осыған ұқсас мақалалар