30.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Әңгімеміздің әліппесін жақсы дүниеден бастайық. Соңғы жылдар ауқымында Райымбек ауданында көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығын қоспағанда ауылдардан медпункттер, мәдениет ошақтар, спорт кешендері, тұрғын үйлер, ветпункттер, мектептер, тағы басқа құрылыс нысандары салынып халық игілігіне жұмыс атқаруда.

Биыл Райымбек ауданы тұрғындарымен есептік кездесуін өткізген кезде облысымыздың әкімі Марат Сұлтанғазиев «Қарасаз ауылында өнер мектебінің құрылысы жоспарлануда» деп жақсы жаңалық туралы айтып өткен болатын. Қарасаз өнер мектебінің бұрынғы ескі ғимараты пайдалануға жарамсыз деп табылып, аталған өнер мектебі ауылдық амбулатория орналасқан ғимараттың бір жағын күнелтіп келген болатын. Аудан тарихында өзіндік орны бар, кезінде Мұқағали Мақатаевтың есімімен аталған, талай-талай өнер тарландарының алғашқы тәлім алған қара шаңырағы болған өнер мектебіне қазіргі таңда жаңадан ғимарат салынып жатыр. Онда да заманауи екі қабатты, барлық жағдайы қарастырылған, мәжіліс залдарына дейін ойластырылған өнер ордасының құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс нысанының жұмыстарын «СП «NEFT» ЖШС жүргізіп отыр.  Құрылыстың жалпы құны  855млн. 971012 теңгені құрайды. Жұмысқа 5 техника, 20 ға жуық адам жұмылдырылған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 18,2 пайызы аяқталған.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ,

Қарасаз ауылы

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар