3 C
Нарынкол
Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!
Маңызды

Алматы облысында 5 млн бастан артық малға манипуляция жүргізілді

Алматы облысының аумағында жануарлардың 16 түрлі аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 5 556 093 бас мал егілді.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұртас Қиялбековтың айтуынша, бруцеллез ауруына 212 660 бас ірі қара мен 317 869 бас ұсақ мал зерттеліп, 229 бас ірі қара мен 72 бас ұсақ малдан ауру анықталған.

«Жыл басынан жануарлардың аса қауіпті аурулардың 3 қолайсыз ошағы тіркелді. Оның бірі Еңбекшіқазақта және Жамбыл ауданында 2 ошағы анықталды. Қазіргі уақытта, 1 ошақ сауықтырылып, қалған ошақтарда сауықтыру шаралары жүргізілуде»,-Нұртас Қиялбеков.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, ауруға шалдыққан малдар қайта өңдеу орындарына санитарлық союға өткізіліп, мал иелеріне нарықтағы бағаның 30 пайызы көлемінде өтемақы төленді.

Бүгінгі күні облыста 707 мың бас мүйізді ірі қара, 2,9 млн бас ұсақ мүйізді мал, 231 мың бас жылқы, 7,8 мың бас түйе, 61,7 мың бас шошқа бірдейлендіріліп, компьютерлік дерекқорға енгізілген. Мал басы жылдан жылға көбеюде.

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Ағылшын тілінің білікті маманы

Ағылшын тілінің маңыздылық деңгейін бүгінгі заманның өзі айшықтап берді. Жан-жақты дамуды, әлемдік деңгейдегі қарым-қатынасты, шетелге шығуды қаласаң, ағылшын тілін...

Осыған ұқсас мақалалар