26.3 C
Нарынкол
Суббота, 27 июля, 2024
No menu items!
Маңызды

Қазақстан неліктен дизель отынын тұтынудың ең жоғары деңгейіне ие?

    Біздің мемлекетте басқа көрші елдермен салыстырғанда жанармайдың бағасы айтарлықтай арзан. Қазақстан – әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарында. Айтар болсақ, Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, Қырғызтанда 390 теңге, Өзбекстанда 480 теңге. Біздің елде соңғы 5 жылда дизель шығару көлемі 30 пайызға өсті. Өткен жылы дизель отынын шығару бойынша рекордты көрсеткіш – 5,2 млн. тоннаға жетті. Осыған қарамастан қазіргі жағдайда еліміздің бірқатар өңірлерінде дизель тапшылығы бар. Нарықтағы дизельге сұраныстың тұрақты өсу себебінің негізгі факторы транзиттік көлік ағыны, бұдан басқа Қазақстаннан шетелге сұр схема бойынша алып кетіп жатқан экспорт. Өткен жылы мамандардың есептеуінше шетелдік транзиттік көлік тұтынған дизель көлемі шамамен 150 мың тоннаны құрады, бұдан басқа сұр экспортпен кеткен отынның көлемі шамамен 200 мың тонна болған. Қазақстандық дизель отынын түрлі жолдарды пайдаланып, шетелге сатудан түсетін пайда 50 %-дан 120 %-ға дейін жетеді, жалпы пайда жылына шамамен 140 млн. АҚШ доллары.

ҚР Энергетика министрінің айтуынша көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде, біз дизель өндіру көлемін арттырсақ та, күз айларында оның тапшылығын қайта көрдік. Осы жылы да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Нәтижесінде өткен жылғы наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ға артқанын көріп отырмыз. Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін.

Аталған себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өз ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар, — деп атап өтті Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Сонымен қатар, «Ағымдағы төмен бағаларды сақтап отырсақ, біз қанша жанармай өндірсек те, барлық сұранысты қамтамасыз ете алмаймыз, бұл бір.

Екінші – бағалар арасындағы айтарлықтай айырмашылыққа байланысты көрші елдерге «ағын» жалғаса береді, оның көлемі арта түседі. Ешқандай шектеулер күтілген нәтиже бермейтіні анық.

Үшінші, жанармай бағасындағы диспропорция «көлеңкелі» нарықты дамытып, ұлттық экономикаға/мүддеге кері әсерін тигізеді.

Төртінші, жанармайға төмен бағаның сақталуы мұнай-газ саласына инвестиция тарту, оны дамытуға, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, ресурстық базаны толықтыруға мүмкіндік бермей отыр»,- деді.

Дастан ҚАСЕНҰЛЫ.

 

spot_img
Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер Парижде: 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының амбассадоры Францияға жетті

Олимпиада ойындары қарсаңында Франция астанасы Парижге Қазақстаннан көлігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары стилінде безендірілген спорт жанкүйері жетті. Оны қазақстандық...

Осыған ұқсас мақалалар