12.5 C
Нарынкол
Четверг, 25 апреля, 2024
No menu items!
Маңызды

ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК

        Биыл 9 ақпан күні – аспантаудың Ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл болды. Осы күні Қарасаз ауылында жақсы-жайсаңдар бас қосып ақынның туған күнін өткізді. Аталған күн есте қаларлықтай жоғары дәрежеде болды. Ақын ауылында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қарасаз ауылдық Еркін Ібітанов атындағы мәдениет үйінде «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың атындағы ХV облыстық әншілер байқауының іріктеу кезеңі мен қорытынды гала концерті өтті. Байқаудың басты мақсаты Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың мұрасын кеңінен насихаттау, өлеңдеріне жазылған әндер мен жаңа орындаушыларды анықтап, өскелең ұрпақтың арасында өнерге деген құштарлығын арттыру, өнерпаздарға қолдау көрсетіп, шығармашылық деңгейлерін көтеру.

       Байқауда әр ауданнан ақтық сынға жолдама алған 16-40 жас аралығындағы 18 әнші бақ сынады. Оның жетеуі дәстүрлі ән, он бірі эстрадалық ән жанры бойынша қатысты. Әншілер байқауына ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иесі, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филормониясының әншісі Құдайбергенов Қанат Жолдыбайұлы бастаған, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филормониясының әншісі Айнақұлова Ұлжан Өстенқызы, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филормониясының әншісі Айниязов Өмірқұл Өтегенұлы, «Алатау әуендері» концерттік ұйымының әншісі Тәкежанова Гулшат Ақатқызы, «Алатау әуендері» концерттік ұйымының әншісі Әбдуалиев Ерасыл Әділғазыұлы қостаған әншілер әділқазылық жасады. Ақынның туған күніне арнайы келген аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы бастаған қонақтар Ақиық ақынның рухына тағзым ретінде Қарасаз ауылындағы Мұқағали Мақатаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, әдеби-мемориалды музейін аралады. Мәдениет үйінің кіреберісіндегі Қарасаз өнер мектебі ұжымының ақын шығармашылығына арнаған сурет, қол өнер көрмесін тамашалады. Аудандық кітапхана ұжымының ақын шығармашылығына арналған және өлкеден шыққан ақын-жазушылардың шығармашылығына арналған кітап көрмесін көрді. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде алғашқы сөз кезегін аудан басшысы Берік Фатықұлы алып ақынның тойын тойлауға келген көпшілікке ақ тілеген арнады. Сонымен қатар, жерлес ақынымыздың мол мұрасын кеңінен насихаттап жүрген ақын шығармашылығының жанашыларын Алғыс хатымен марапаттады. Сөз кезегін ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иесі, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филормониясының әншісі Қанат Құдайбергенов алып құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың атындағы ХV облыстық әншілер байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Биылғы жылғы бас жүлдені Іле ауданынан қатысқан күміс көмей әнші Нұрболат Қосанов жеңіп алды. Барлық қатысушыларға әр номинация бойынша лауреаттық дипломдар мен ақшалай жүлделер табыс етілді.

         Осы күні Мұқағали Мақатаевтың 92 жас мерейтойына орай аудандар арасында салым көкпар жарысы болып өтті. Көкпарда Еңбекшіқазақ, Кеген және Райымбек аудандарының көкпаршы палуандары бақ сынады.

  Дастан ҚАСЕНҰЛЫ,

Қарасаз ауылы.

Соңғы жаңалықтар

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен», проходившем в рамках республиканской экологической акции...

Осыған ұқсас мақалалар