13 C
Нарынкол
Воскресенье, 18 июня, 2023
No menu items!

ҰМЫТЫЛМАС ОҚИҒА

Маңызды

Осыдан тура бір жыл бұрын қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде жазықсыз жандар нақақтан қаза болғаны белгілі. Бүгінгі Парламент Мәжілісінің жалпы отырысын Қаңтар құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып бастады.

Қаңтар оқиғасына байланысты «Жаңа Қазақстан» депутаттар тобы жолдаған сауалға бас прокурор Берік Асылов жауап берді. Оның сөзінше, Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда әскери қару алғаш рет былтыр 5 қаңтарда сағат 16.00 шамасында Қазақстан президентінің резиденциясын қорғау кезінде қолданылған.

Отырыста Қаңтар оқиғасына қатысты Бас Прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі арнайы көрме ұйымдастырды. Атап айтқанда бұл көрмеге былтыр қаңтарда полиция департаменттерінен, қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қару мен оқ-дәрі және басқа да заттар қойылған. Бұл қару-жарақтың барлығы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан адамдардан тәркіленген.

Ел жадында мәңгі қалатын Қаңтар оқиғасы іспетті қанды кезеңдер енді орын алмаса екен. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, бірлігіміз бекісін.

Соңғы жаңалықтар

Антикордан күтпеген конверт

       Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Конверттерде тек хаттар болуы керек» акциясын өткізді. Акция аясында...

Осыған ұқсас мақалалар