Заң мен тәртіп – өркениетті қоғамның басты құндылығы. Мемлекеттің дамуы мен халықтың әл-ауқаты әр азаматтың заң талаптарын құрметтеп, құқықтық мәдениетті сақтауына тікелей байланысты. Заңға бағыну – тек міндет қана емес, әр адамның өзіне, отбасына және қоғамға деген жауапкершілігінің көрінісі.
Бүгінде елімізде қоғамдық тәртіпті нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінуде. Заң талаптарының сақталуы адамдар арасындағы сенімді арттырып, қауіпсіз орта қалыптастырады. Әр азамат құқық бұзушылықтың алдын алуға атсалысып, заң талаптарын бұлжытпай орындауы қажет.
Заң үстемдік құрған елде тұрақтылық, әділдік пен бірлік орнығады. Сондықтан заң мен тәртіп қағидаларын сақтау – жарқын болашақтың берік негізі.

