Домойhantengrigazeti.kz ақпаратЖаңа Конституция – жаңару жолындағы маңызды қадам

Жаңа Конституция – жаңару жолындағы маңызды қадам

Қазақстанда конституциялық реформалар елдің саяси жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды өзгерістердің бірі болды. Конституцияға енгізілген өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, заң үстемдігін нығайтуға және халықтың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге жол ашты.Конституция – мемлекеттің басты заңы әрі қоғамның тұрақты дамуының негізі. Онда әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері айқын көрсетілген. Ата Заңды құрметтеу, оның талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы. Конституция қағидалары берік сақталған елде әділдік, тұрақтылық және қоғамдық келісім нығая түседі.

Жаңалықтар