Заң – мемлекеттің тірегі, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың басты негізі. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап қана қоймай, әр адамның міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды. Заң үстемдік еткен елде әділдік салтанат құрып, адамдар өз құқықтарының қорғалатынына сенімді болады. Сондықтан заңды құрметтеу – әрбір азаматтың парызы әрі өркениетті қоғамның басты белгісі.Бүгінде елімізде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Бұл – құқықтық мемлекет қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Әсіресе, жастардың заңды білуі мен оны құрметтеуі болашақ қоғамның берік іргетасын қалайды.Заң талаптарын сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі. Жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіпті бұзбау, салықты уақытында төлеу, өзгенің мүлкі мен ар-намысын құрметтеу – мұның барлығы заңға бағынудың көрінісі. Күнделікті өмірдегі осындай қарапайым әрекеттер қоғамдағы тәртіптің сақталуына ықпал етеді.Құқық бұзушылықтың кез келген түрі қоғамға зиян келтіреді. Сондықтан заң талаптарын орындау арқылы әр адам өз қауіпсіздігін ғана емес, айналасындағы адамдардың да тыныштығын қамтамасыз етеді. Әділетті қоғамның қалыптасуы – әр азаматтың заңға деген құрметінен басталады.«Заңға бағынған елдің болашағы баянды» деген қағида әрдайым өзекті. Құқықтық мемлекет құру – ортақ мақсат. Ол үшін әр азамат заңды біліп қана қоймай, оны күнделікті өмірде басшылыққа алуы қажет. Заң үстемдік құрған жерде сенім, тұрақтылық және даму қатар жүреді. Сондықтан заңды құрметтеу – жарқын болашаққа бастайтын сенімді жол.

