Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап қана қоймай, олардың міндеттері мен жауапкершілігін де айқындайды. Құқықтық мемлекет құру жолында заңның үстемдігін қамтамасыз ету ерекше маңызға ие. Заң талаптарын сақтау қоғамдағы өзара сыйластықты нығайтып, әділдік пен теңдіктің орнығуына ықпал етеді. Сондықтан әрбір азамат өз құқықтарын біліп қана қоймай, заң талаптарын құрметтеуді азаматтық парызы ретінде қабылдауы қажет.Қазіргі таңда заң мен тәртіп қағидатын нығайту – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Заңға бағынатын қоғамда тұрақтылық пен даму қатар жүреді. Елдің өркендеуі мен халықтың әл-ауқаты әр адамның заңды құрметтеп, құқықтық жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты.

