ДомойЖаңалықтар | НовостиАлматы облысында туберкулезге шалдыққандар саны 27 пайызға азайды

Алматы облысында туберкулезге шалдыққандар саны 27 пайызға азайды

Алматы облысында туберкулезден болатын өлім-жітім саны 42,9 пайызға азайды. Сәйкесінше, ел арасында ауруға шалдығу деңгейі 27,8 пайызға төмендеген. Бұл туралы облыстық Фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау тобының жетекшісі Эльмира Базарбаева мәлімдеді, -деп хабарлайды Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дәрігерлер туберкулездің алдын алуда вакцинация мен тексерудің рөлі ерекше екенін айтады. Жаңа туған нәрестелерге перзентханада алғашқы 2-4 тәулікте БЦЖ вакцинасы егілсе, ересектерге жыл сайынғы флюорографиялық тексеруден өту міндеттеледі.

Жас талғамайтын бұл індет өкінішке қарай, балалар арасында да кездеседі. Фтизиопедиатр дәрігер Жанар Бүйенбаеваның сөзіне сүйенсек, балалар арасында инфекцияны анықтау үшін Манту және ТРА (туберкулезді рекомбинантты аллерген) сынамалары кеңінен қолданылады.

«Манту мен ТРА — бұл егілетін вакцина емес, тек ағзадағы туберкулез белсенділігін 95-100 пайыз дәлдікпен анықтайтын иммунологиялық тест. Әсіресе қауіп тобына жататын және ауыратын адамдармен қарым-қатынаста болған балаларды уақытылы тексеріп отыру өте маңызды», — дейді Жанар Бүйенбаева.

Бүгінде ,өкпені зақымдайтын жұқпалы ауруды дүниежүзінде «ДжейнЭксперт» әдісі арқылы анықтайды. Дер кезінде анықталған дерт науқастың құлан-таза айығуына мүмкіндік береді.

Предыдущая статья
Следующая статья

Жаңалықтар