ДомойЖаңалықтар | НовостиАлматы облысында ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының алғашқы кезеңі өтті

Алматы облысында ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының алғашқы кезеңі өтті

Алматы облысында ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының алғашқы кезеңі өтті

Алматы облысында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың І (мектепшілік) кезеңі өтті. 28–30 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған білім додасы онлайн форматта smart.daryn.kz платформасында өткізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауыл мектептерінде білім алатын оқушылардың пәндік білім деңгейін саралау, дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау, сондай-ақ олардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға мүмкіндік жасау.

Атап айтқанда, облыс бойынша білім додасына 17 633 оқушы қатысты. Қатысушылар онлайн форматта өз білімдерін сынап, таңдаған пәндері бойынша тапсырмаларды орындады.

Бұдан бөлек, олимпиада ауыл мектептері оқушыларының өз қабілеттерін танытып, пәндік білімдерін жетілдіруіне мүмкіндік береді. Білім додасы барысында оқушылардың дайындық деңгейі сараланып, үздік нәтижеге қол жеткізген қатысушылар анықталды.

Олимпиаданың алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар республикалық олимпиаданың келесі кезеңдеріне қатысады.

Жаңалықтар