«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Іле ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Қараой ауылдық округінде демалушылар арасында профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – дала және орман өрттерінің, сондай-ақ су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Түсіндіру барысында тұрғындар мен демалушыларға қоқыс пен құрғақ шөпті өртемеу, табиғат аясында отты абайлап пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі жеткізілді. Сонымен қатар, арнайы жабдықталмаған әрі шомылуға рұқсат етілмеген орындарда суға түсуге болмайтыны ескертіліп, су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жан-жақты ақпарат берілді.
Мамандар қауіпсіздік қағидаларын сақтау – әр азаматтың заң алдындағы жауапкершілігі мен қоғамдық тәртіптің маңызды бөлігі екенін атап өтті. Осындай профилактикалық шаралар төтенше жағдайлардың алдын алып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп мәдениетін нығайтуға бағытталған.
«Заң мен тәртіп»: Іле ауданы Қараой ауылдық округінде қауіпсіздік талаптары түсіндірілді