«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы – еліміздің болашақ ұрпағын қолдауға бағытталған бірегей әлеуметтік бастама. Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігін балалардың жеке шоттарына аудару арқылы мемлекет әрбір баланың болашағына нақты инвестиция салып отыр. Бұл қадам ұлттық байлықтың игілігін халықпен бөлісудің тиімді тетігі ретінде әлеуметтік әділеттілік қағидатын нығайтады және қоғамдағы тең мүмкіндіктерді арттыруға ықпал етеді.
Бағдарламаның басты ерекшелігі – оның ашықтығы мен қолжетімділігінде. Балалардың шоттарына қаражат автоматты түрде аударылып, ата-аналардан қосымша өтініш немесе құжат талап етілмейді. Бұл жүйе мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттырып, әрбір баланың елдің экономикалық жетістіктерінен үлес алуына мүмкіндік береді.
Жинақталған қаражаттың білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалуы жастардың болашақтағы маңызды қажеттіліктерін шешуге көмектеседі. Бұл бастама балалардың әлеуметтік қорғалуын күшейтіп қана қоймай, олардың өз болашағына сеніммен қарауына және өмірлік мақсаттарына қол жеткізуіне жағдай жасайды.
Бекболат БІРБАЕВ,
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

