«Ұлттық қор – балаларға» жобасы – жас ұрпақтың әл-ауқатын арттыруға және олардың болашағына сенімді негіз қалыптастыруға бағытталған стратегиялық маңызы бар мемлекеттік бастама. Ұлттық қордың инвестициялық кірістерінің бір бөлігін балалардың жеке шоттарына аудару арқылы мемлекет әрбір баланың келешек мүмкіндіктерін кеңейтуге нақты жағдай жасап отыр. Бұл жоба ұлттық байлықтың игілігін халықпен бөлісудің және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің тиімді тетігі ретінде ерекше маңызға ие.
Бағдарламаның басты ерекшелігі – оның ашықтығы мен қолжетімділігінде. Қаражат балалардың шоттарына автоматты түрде есептеледі, бұл ретте ата-аналардан қосымша өтініш беру немесе қандай да бір рәсімдерден өту талап етілмейді. Мұндай тәсіл мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттырып, әрбір баланың тең дәрежеде қамтылуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде жоба ел азаматтарының мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясатқа деген сенімін нығайтуға ықпал етуде.
Үш жыл ішінде балалардың жеке шоттарына 2,5 миллиард АҚШ долларынан астам қаражаттың аударылуы жобаның ауқымы мен тиімділігін айқын көрсетеді. Ал 2026 жылдың қорытындысы бойынша ғана шамамен 6,9 миллион баланың есепшотына 900 миллион АҚШ долларына жуық қаржы түсті. Бұл көрсеткіштер бағдарламаның тұрақты негізде жүзеге асырылып жатқанын және оның нақты әлеуметтік нәтижелер беріп отырғанын дәлелдейді.
Дастан Жанасіл,
журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшес

