Қазіргі таңда интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер жиілеп келеді. Алаяқтар азаматтарды алдау үшін жалған хабарламалар, қоңыраулар мен әлеуметтік желідегі парақшаларды пайдаланып, банк картасының деректері мен жеке мәліметтерін қолға түсіруге тырысады.
Қаржыңызды қорғау үшін банк картасының нөмірін, CVV кодын, SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге айтпаңыз. Күмәнді сілтемелерге өтпей, белгісіз адамдардың қоңырауларына сақтықпен қараңыз.
Егер алаяқтыққа тап болсаңыз, уақыт жоғалтпай банкке және құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Сақтық – интернеттегі қауіпсіздіктің басты кепілі.

