ДомойЖаңалықтар | НовостиАлкогольді ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі

Алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі

Оның адам ағзасына тигізетін зияны көп болғанымен, өкінішке қарай, алкогольге тәуелділік жыл сайын артып келеді. Бұл тек жеке адамның ғана емес, тұтас отбасы мен қоғамның мәселесіне айналып отыр.Алкоголь ең алдымен адамның жүйке жүйесіне, бауырына, жүрек-қан тамырлары жүйесіне кері әсер етеді. Ұзақ уақыт бойы спирттік ішімдіктерді пайдалану түрлі созылмалы аурулардың пайда болуына, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне және өмір сүру ұзақтығының қысқаруына алып келеді.Мамандардың айтуынша, алкогольге тәуелділік адамның мінез-құлқын өзгертіп, агрессияның артуына себеп болуы мүмкін. Көптеген тұрмыстық жанжалдар, жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтар мас күйде жасалады. Сондықтан алкогольдің зияны тек денсаулыққа ғана емес, қоғамдық қауіпсіздікке де әсер етеді.Әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау маңызды. Спортпен шұғылдану, мәдени және қоғамдық шараларға қатысу, пайдалы әдеттерді қалыптастыру – зиянды әдеттердің алдын алудың тиімді жолдарының бірі.Алкогольден бас тарту немесе оны тұтынуды шектеу – денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы. Әрбір адам өз өміріне жауапкершілікпен қарап, дұрыс таңдау жасауы қажет. Салауатты ұрпақ – елдің жарқын болашағының кепілі.

Жаңалықтар