Мемлекеттік қызметші – халықпен тікелейжұмыс істейтін адам. Сондықтан оның қызметтікміндетін жақсы білуімен қатар, әдептілігі мен мәдениеті де маңызды.
Қарапайым сәлемдесу, азаматты мұқият тыңдау, сабырлы жауап беру – мемлекеттік қызметшінің күнделікті жұмысындағы маңызды қасиеттер. Әрбір адам мемлекеттік мекемеге өз мәселесіменкелгенде, оның сөзіне құрметпен қарау қажет.
Мемлекеттік қызметші өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтауы және қызмет бабын жеке пайдасына пайдаланбауы тиіс. Әдеп нормаларын сақтау – тек талап емес, халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімінарттыратын маңызды фактор.
Халықпен дұрыс қарым-қатынас орнатып, әр азаматқа құрметпен қарау арқылы мемлекеттік қызметші өз міндетін абыроймен атқара алады. Өйткені мемлекеттік қызметтің басты мақсаты – халыққа адал қызмет ету.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ерік Оразғалиұлы Құдайбердиев

