Жол ережесіне енгізілген ерекшеліктердің бірі — орташа жылдамдыққа қатысты. Орташа жылдамдық дегеніміз- жол учаскесінің ұзындығының көлік оны жүріп өткен уақытқа қатынасы. Қарапайым тілмен түсіндірсек, бұл екі нүкте арасындағы барлық қашықтықты бақылау, бұл тек жылдамдықты бір рет өлшеу еместігін назарда ұстаған жөн. Аталмыш ұғым Қазақстан заңнамасында бұрыннан бар, нақтылай кетсек, 2023 жылдан бастап қолданысқа енгізілген. Бұған дейін ІІМ орташа жылдамдықты асыруды негізінен қала сыртындағы тасжолдарда тіркеу жоспарланғанын нақтылаған болатын. Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл (ӘҚБтК-нің 592 бабы негізінде ) АЕК-ке байланысты, бұл 2026 жылы 4325 теңгені құрайды, осыған байланысты есептеледі, және 5-тен 40 АЕК-ке дейінгі сомманы құрайды.
• Жылдамдықты сағатына 10-нан 20 шақырымға дейін асырғанда-5АЕК (21625 теңге)
• Сағатына 20-дан 40 шақырымға дейін- 10АЕК (43250 теңге)
• Сағатына 40 және одан да көп шақырымға – 20АЕК (86500 теңге)
• Бір жыл ішінде қайталап асырғаны үшін-30 АЕК (129750 теңге)
• Сағатына 60 және одан да көп шақырымға-40 АЕК (173000 теңге)
Жол-көлік оқиғасынан кейінгі қайта техникалық байқау
Ауыр жол көлік оқиғасынан кейін, егер пайдалануға тыйым салынған ақаулар анықталса, автомобильдің диагностикалық картасының күші жойылуы мүмкін. Мұндай оқиғада көлік иесіне техникалық байқаудан қайта өту қажет болады.
Электросамокаттар тротуарлардан алынады
Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап, электросамакаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады. Қазіргі 6 км\сағ дейін деп етілген рұқсат алдағы уақытта алынып тасталынады. Енді самокаттар тек веложолдарда, жол жиегінде немесе жолдың оң жақ шетінде жүруі қажет. Ерекше жағдайда ғана (6 км/сағ және жаяу жүргінші басымдығы сақталса) ортақ аймақта қозғалуға болады. Ал түнде самокаттар арнайы жарық беру аспаптарымен жабдықталуы міндетті.
Арнайы сигналы бар автокөліктерді өткізу
ІІМ бұрыннан бар, бірақ жиі еленбейтін норманы өзінше бөлек еске салады.
Жарқылдауық маяктары бар арнайы көлік жақындаған кезде жаяу жүргіншілер жолдың жүру бөлігіне шықпауға міндетті, ал жолда жүргендер, оны дереу босатуы тиіс. Тұтастай алғанда, түзетулердің бір бөлігі жаңа талаптар енгізбейді, тек бұрыннан барын нақтылап, күшейтеді.
Нақты жаңашылдықтар
Тіркеу камералары енді міндетті ескерту белгілерінсіз жұмыс істей алады, бұл жүргізушілер үшін аса маңызды жаңалық!
Сонымен қатар, полиция қызметкері тоқтатқан жағдайлар бойынша да өзгерістер бар. Жалпы алғанда, ол бұрынғыдай әрекеттерді орындауға тиіс, мәселен, өзін таныстыру және қызметтік куәлігін көрсету (қолына бермей). Алайда енді жүргізушілер заңбұзушылықтың бейнежазбасын сол жерде көрсетуді сұрай алады.
“ХАНТӘҢІРІ”

