Мемлекет дамуы үшін кейде негізгі заңға өзгерістер енгізу қажет болады. Ал мұндай өзгерістерді халықтың өзі қолдап, өз таңдауы арқылы қабылдауы – нағыз демократияның белгісі.Референдум азаматтарға ел тағдырына тікелей қатысу мүмкіндігін береді. Әрбір дауыс – мемлекет дамуына қосылған үлес. Бұл процесс қоғамдағы азаматтық жауапкершілікті арттырып, адамдардың ел өміріне белсенді араласуына жол ашады.Конституциялық өзгерістердің басты мақсаты – халықтың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту және мемлекет институттарының тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау. Осындай реформалар қоғамның дамуына, әділеттілік пен теңдік принциптерінің нығаюына ықпал етеді.Сондықтан конституциялық референдумды қолдау – елдің болашағына деген сенімнің көрінісі. Бірлік пен ортақ мақсат арқылы мемлекетіміз одан әрі дамып, тұрақты әрі әділетті қоғам қалыптастыра алады.
Ұлтанбекова Ғайша Сарыжаз ауылдық округінің Аналар кеңесінің мүшесі.

