Мұндай шешімдер халықтың қатысуымен қабылданғанда ғана шынайы мәнге ие болады. Сондықтан референдум – азаматтардың өз пікірін білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды демократиялық тетік.
Әрбір мемлекет уақыт өткен сайын жаңа талаптарға, жаңа өзгерістерге бейімделіп отырады. Сол себепті негізгі заңды жаңарту мен жетілдіру – елдің дамуына қажетті қадам. Бұл мемлекеттегі құқықтық жүйені нығайтып, қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз етуге көмектеседі.
Референдумның ең басты артықшылығы – халықтың таңдау жасау мүмкіндігі. Әр азамат өз дауысын беру арқылы елдің болашағына әсер етеді. Бұл халықтың бірлігі мен жауапкершілігін арттырады.
Сондықтан конституциялық референдум – елдің тұрақты дамуы мен демократиялық құндылықтарды нығайтудың тиімді жолы. Азаматтардың белсенді қатысуы мемлекетіміздің жарқын болашағына берік негіз қалайды.
Мухаметжанова Гулбану
Текес ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрағасы

